Дархан Кәлетаев Қазақстанның Украинадағы елшісі қызметінен босатылды
Жарияланған күні:

Дархан Кәлетаев Қазақстанның Украинадағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Ақордаға сілетем жасаған KAZ.NUR.KZ.
"Мемлекет басшысының жарлығымен Дархан Аманұлы Кәлетаев Қазақстан Республикасының Украинадағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, Дархан Кәлетаев Қазақстанның Украинадағы елшісі қызметін 2020 жылғы ақпаннан бері атқарып келді.
Қазақстан Украинадағы елшілігінің ресми сайтындағы мәлімет бойынша, Дархан Кәлетаев 1972 жылы 14 қазанда Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген.
Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін (1994 жылы) тарихшы мамандығы бойынша және Қазақстан президенті жанындағы Ұлттық Жоғары мемлекеттік басқару мектебін (1997 жылы) бітірген. Саяси ғылымдарының докторы.
Еңбек жолын 1995 жылы Қазақстанның министрлер кабинеті жанындағы Тіл комитетінде маман ретінде бастаған.
1995-1996 жылдары – Ұлттық саясат жөніндегі мемлекеттік комитетінің бас маманы.
1997 жылы – Білім және мәдениет министрлігі Тіл саясатын үйлестіру департаментінің басқарма бастығының орынбасары.
1997-2002 жылдары – Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Жастар саясаты бөлімінің бастығы, Ішкі саясат департаменті директорының орынбасары.
2002 жылы – Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігіне Жастар саясаты департаментінің директоры.
2002-2007 жылдары – Ішкі саясат басқармасының сектор меңгерушісі, Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі, Ішкі саясат басқармасының әлеуметтік-саяси бөлімінің меңгерушісі, әлеуметтік-саяси бөлімінің меңгерушісі, Президент әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі.
2007-2008 жылдары – Президент әкімшілігі басшысының орынбасары.
2009-2016 жылдары – "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ-ның басқарушы директоры.
2018 жылы – Дін істері және азаматтық қоғам министрі.
2018-2019 жылдары – Қоғамдық даму министрі.
2019 жылы – Премьер-министр кеңсесінің басшысы.
2019 жылдың наурыз-желтоқсан аралығында Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары қызметтерін атқарған
2020 жылдың 22 ақпанында Қазақстан Украинадағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/appointments/2035851-darhan-kaletaev-qazaqstannyng-ukrainadagy-elshisi-qyzmetinen-bosatyldy/