Сенатор Асқар Шәкіровтің өкілеттігі тоқтатылды
Жарияланған күні:

Мемлекет басшысының жарлығымен сенат депутаты Асқар Оразалыұлы Шәкіровтің өкілеттігі тоқтатылды. Бұл туралы Ақорданың Telegram-дағы ресми арнасы хабарлайды.
Сенаттың ресми сайтында Асқар Шәкіров 1956 жылы 2 ақпанда Қарағанды қаласында дүниеге келгені жазылған.
Асқар Шәкіров Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Азия және Африка институтын, КСРО ІІМ академиясының күндізгі адьюнктурасын бітірді.
Заң ғылымдарының кандидаты. Ағылшын және қытай тілдерін меңгерген. 1 класс Төтенше және өкілетті елші дипломатиялық рангісі бар.
Асқар Шәкіров 1978 жылдан бастап КСРО Ішкі істер министрлігінің жүйесінде жұмыс істеді.
1992 жылы - Сыртқы істер министрлігінің Шарттар-құқықтық басқармасының бөлім меңгерушісі, бастықтың орынбасары, бастығы, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі алқасының мүшесі.
1995 жылы – Қазақстанның Корея Республикасындағы істерінде уақытша сенімді өкіл.
1996 жылдың мамыр-сәуір айлары арағында – Сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалары бойынша елші.
1996 жылдан 1998 жылға дейін – Сыртқы істер министрінің орынбасары.
1998 жылы – Қазақстанның Индиядағы Төтенше және Өкілетті елшісі.
2004 жылғы – Сыртқы істер министрінің орынбасары.
2006 жылы – Қаржы министрлігінің Кеден комитетінің төрағасы.
2007 жылы – Адам құқықтары жөніндегі уәкіл.
2019 жылы – сенат депутаты болып тағайындалды.
2019 жылғы 2 қыркүйекте – сенат төрағасының орынбасары болып сайланды.
2023 жылы – сенат депутаты болып тағайындалды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/appointments/2038150-parlamenti-senatynyn-deputaty-asqar-orazalyuly-sakirovtin-okilettigi-toqtatyldy/