jitsu gif branding logo appbranding logo app
Саясат

    Ғабидолла Оспанқұлов үкімет аппараты басшысының бірінші орынбасары болды

    Ғабидолла Оспанқұлов
    Ғабидолла Оспанқұлов. Фото: Премьер-министрдің ресми сайты

    Үкімет қаулысымен Ғабидолла Абдуллаұлы Оспанқұлов үкімет аппараты басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды премьер-министрдің ресми Telegram арнасы.

    Ғабидулла Оспанқұлов 1981 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында (қазіргі Түркістан облысы) дүниеге келген. Қазақ гуманитарлық-заң университетін, Қазақстан-Ресей университетін, "Болашақ" бағдарламасы бойынша Бирмингем университетін (Ұлыбритания) тәмамдаған.

    Әр жылдары парламентте, Президент әкімшілігінде, Екібастұз қаласының әкімдігінде, Білім және ғылым министрлігінде жұмыс істеген. 

    2013 жылдан 2017 жыл аралығында Жастар ісі комитетін басқарды, БҒМ Жастар саясаты департаментінің директоры болды, Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінде жұмыс істеді. 

    2017 жылдың қазан айынан 2019 жылдың тамыз айы аралығында Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары қызметінде болды.

    2019 жылдың тамыз айынан желтоқсан айы аралығында — Nur Otan партиясының хатшысы.

    2019 жылғы желтоқсаннан бастап 2020 жылға дейін Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметін атқарды. 

    Ал биыл 1 қыркүйекте президент жарлығы бойынша Ғабидолла Оспанқұлов Президент әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыс бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды.

    Ғабидолла Оспанқұлов үкімет аппараты басшысының бірінші орынбасары болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.