Ұлан Байжанов Бас прокурордың орынбасары лауазымынан босатылды
Жарияланған күні:

Ұлан Байжанов Бас прокурордың орынбасары лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында.
"Мемлекет басшысының өкімімен Ұлан Сапарұлы Байжанов Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада.
Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының ресми сайтындағы мәліметінше, Ұлан Байжанов 1958 жылы 9-тамызда Алматы қаласында туған. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1980 жылы "Қазгуград" КП аға заң кеңесшісі болып бастаған.
1983-1987 жылдары "Қазкғзи" РҰ бөлімінің бастығы,
1987-1991 жылдары Алматы қалалық атқару комитетінің нұсқаушысы, заң бөлімі меңгерушісінің орынбасары, әкімшілік органдар бөлімінің меңгерушісі, мемлекеттік-құқық бөлімінің меңгерушісі;
1991-1995 жылдары Алматы қаласы Әділет басқармасының бастығы, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің алқа мүшесі;
1995-1997 жылдары "Алматы – Зан" құқықтық орталығының бас директоры;
1997-1999 жылдары "Қазақтелеком" ААҚ Вице-президенті;
1999-2002 жылдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Вице-министрі;
2003 жылдың қаңтары мен наурызы аралығында "ҚазМұнайГаз "ҰК" ЖАҚ құқықтық қамтамасыз ету жөніндегі Атқарушы директоры;
2003 жылдың наурызы мен шілде аралығында "ҚазМұнайТеңіз "теңіз мұнай компаниясы" ЖАҚ бас директорының орынбасары;
2003-2005 жылдары "Нефтеконсалтинг" ЖАҚ президенті;
2005-2008 жылдары "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ президенті аппаратының басшысы, "ҚазМұнайГаз "ҰК"АҚ бизнесті қолдау және құқықтық қамтамасыз ету жөніндегі вице-президенті;
2009-2011 жылдары "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ Басқарушы директоры;
2011-2015 жылдары Бас прокуроры аппаратының басшысы, Бас прокуратураның Еуропа елдеріндегі және халықаралық ұйымдардағы Арнайы өкілі;
2015-2017 жылдары Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары Академиясының ректоры;
2017-2018 жылдары "Казкоммерцбанк" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары;
2021-02.2022 жылдары "Зерде" ұлттық инфокоммуникациялық холдингі" АҚ тәуелсіз директоры;
2022 жылдың ақпан айынан бастап бүгінгі күнге дейін Бас прокурордың орынбасары болып қызмет атқарған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/appointments/2039305-ulan-baizanov-bas-prokurordyn-orynbasary-lauazymynan-bosatyldy/