jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Шымкент қаласы прокурорының бірінші орынбасары тағайындалды

    Жомарт Нұрғали
    Жомарт Нұрғали. Фото: instagram.com/shymkent_prokuratura

    Жомарт Нұрғали Шымкент қаласы прокурорының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды қалалық прокуратураның Instagram-дағы ресми арнасында.

    "Қазақстан Республикасы Бас прокурорының бұйрығымен Шымкент қаласы прокурорының бірінші орынбасары Нұржан Ақыпбекұлы Сейдалиев басқа қызметке ауысуына байланысты қызметінен босатылды", - делінген хабарламада.

    Қалалық прокуратураның Instagram-дағы ресми парақшасындағы мәліметке сүйенсек, Жомарт Нұрғали 1978 жылы туылған, Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетін "құқықтану" мамандығы бойынша бітірген.

    Прокуратура органдарындағы қызметін 2000 жылдың наурыз айында Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданы прокурорының көмекшісі лауазымынан бастаған.

    Шымкент қаласы прокуратурасының бөлім прокуроры, Оңтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының басқарма прокуроры, аға прокуроры, облыс прокурорының көмекшісі лауазымдарын атқарған.

    2005-2010 жыл аралықтарында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасында түрлі қызметтерде жұмыс жасаған.

    2010 жылдан бастап Оңтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының Аппарат басшысы, Кентау қаласы, Абай және Сарыағаш аудандарының прокуроры лауазымдарын атқарған.

    2021 жылдан бастап Түркістан облысы прокурорының орынбасары қызметінде болған.

    Шымкент қаласы прокурорының бірінші орынбасары тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.