jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Ержан Еркінбаев Туризм және спорт вице-министрі болып тағайындалды

    Ержан Еркінбаев
    Ержан Еркінбаев. Фото: primeminister.kz

    Үкімет қаулысымен Ержан Мәлікұлы Еркінбаев Туризм және спорт вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы премьер-министрдің ресми сайты хабарлады.

    Ержан Еркінбаев 1982 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген.

    Қазақ мемлекеттік заң академиясын, Халықаралық бизнес академиясын тәмамдаған.

    Еңбек жолын 2002 жылы коммерциялық компанияда заңгер болып бастаған.

    Әр жылдары "Шымбұлақ" тау шаңғысы курортының бас директоры, "Медеу" спорт кешенінің бас директоры, Алматы мемлекеттік зоологиялық паркінің директоры, Kazakh Tourism" Ұлттық компаниясы" АҚ Басқарма төрағасының міндетін атқарушы, басқарма төрағасы қызметтерін атқарған.

    Сондай-ақ VI шақырылымдағы Алматы қалалық мәслихатының депутаты болған.

    2021 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Мәдениет және спорт вице-министрі болып қызмет еткен.

    Ержан Еркінбаев Туризм және спорт вице-министрі болып тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.