jitsu gif
Саясат

    Бұрынғы вице-министр Шымкент әкімінің орынбасары болып тағайындалды

    Сәрсен Құранбек
    Сәрсен Құранбек. Фото: t.me/KZgovernment

    Бүгін Президент әкімшілігінің келісімі бойынша, қала әкімінің өкімімен Сәрсен Абайұлы Құранбек Шымкент қаласы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды. Бұл туралы ведомство Facebook парақшасында хабарлады.

    Сәрсен Абайұлы 1976 жылы Алматы облысы Кербұлақ ауданы Қызылжар ауылында туған.

    Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық мемлекеттік университетін, Қазақтың спорт және туризм академиясын және Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін философия пәнінің, дене шынықтыру мәдениетінің оқытушысы, каратэ жаттықтырушысы, құқықтану мамандықтары бойынша бітірген.

    Еңбек жолын 1995 жылы Алматы қаласындағы "№ 4 олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының жаттықтырушы-оқытушысы болып бастаған.

    2003–2023 жылдар аралығында жеке секторда және орталық мемлекеттік органдарда жауапты басшылық қызметтер атқарған.

    2023 жылдың ақпан айынан бастап бүгінге дейін Мәдениет және спорт вице-министрі лауазымын атқарды.

    Бұрынғы вице-министр Шымкент әкімінің орынбасары болып тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.