jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Экс-министр Сәрінжіпов Назарбаев университетінде басшылық қызметке тағайындалды

    Аслан Сәрінжіпов
    Аслан Сәрінжіпов. Фото: qazaqstantv

    Назарбаев университетінің басшылық қызметінде кадрлық өзгеріс болды. 4 желтоқсанда Назарбаев Университетінің (NU) Қамқоршылық кеңесінің шешімімен NU-дың атқарушы вице-президенті болып Аслан Сәрінжіпов тағайындалды, деп хабарлайды оқу орнының баспасөз қызметі.

    Аслан Сәрінжіпов бұған дейін Қазақстанның білім және ғылым министрі лауазымында жұмыс істеген және әлемдік деңгейдегі университет болып табылатын NU-ды құрудың басы-қасында болған.

    Сонымен қатар оқу орнының Қамқоршылық кеңесінің шешімімен NU-дың жаңа вице-президенттері тағайындалған:

    • Дархан Біләлов, жоғары білім саласындағы PhD докторы. Бұрын "Абай атындағы ҚазҰПУ" КеАҚ Басқарма төрағасы - ректоры, ҚР Президентінің жанындағы "ҚР Ұлттық ғылым академиясының" вице-президенті қызметтерін атқарған.
    • Ерлан Шоланов, МВА магистрі. Бұған дейін Назарбаев Университетінің Жоғары білім мектебінің атқарушы директоры, Kozybayev University Басқарма төрағасы – Ректоры, «Нархоз университеті» КЕАҚ провосты лауазымдарын атқарған.
    • Әсел Уәлиева, DBA докторы. Бұған дейін Назарбаев Университетінің Жоғары бизнес мектебінің атқарушы директоры, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Басқарма мүшесі – Операциялық қызмет жөніндегі проректор қызметтерін атқарған.

    "NU-дың жаңа басшылығының алдында тұрған негізгі міндеттері өзін-өзі қаржыландыруға кезең-кезеңімен көшу, әлемдік ғылыми-білім беру қауымдастығымен сапалы интеграция және білім беру жүйесін дамыту мен ғылыми әлеуетті арттыруда қазақстандық университеттермен тығыз синергия мәселелері болып қала береді", - делінген хабарламада.

    Экс-министр Сәрінжіпов Назарбаев университетінде басшылық қызметке тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.