jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Белгілі тележурналист Арман Балтабайұлы "Хабар" телеарнасының директоры болып тағайындалды

    Арман Балтабайұлы
    Арман Балтабайұлы. Фото: facebook.com/kemelbek.oishybayev

    Белгілі тележурналист, медиаменеджер Сейітмамыт Арман Балтабайұлы "Хабар" телеарнасының директоры болып тағайындалды. Бұл туралы "Хабар Агенттігі" АҚ басқарма төрағасы Кемелбек Ойшыбаев Facebook-тегі парақшасында мәлім етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    "Арман Балтабайұлы - телевизия саласында ұзақ жылдардан бері қызмет етіп келе жатқан білікті, тәжірибелі маман. Еңбек жолын "Хабар" Агенттігінде 1997-жылы тілшіліктен бастап, тележүргізуші, редактор сияқты шығармашылық сатылардан өтті. Әр жылдары агенттіктің құрамына кіретін "EL ARNA" және "Хабар 24" телеарналарының директоры қызметін абыроймен атқарды", - деп жазды Кемелбек Ойшыбаев.

    Сонымен қатар Арман Сейітмамыт интернет жобалар саласында да еңбек етіп, тәжірибе жинақтаған.

    "Бұл тәжірибе мен жаңашылдықты тиімді үйлестіре отырып, жұмыстың жүйелі жүруіне оң әсер етері анық.

    Әріптесіміз жаңа жауапты қызметінде де жемісті еңбек етіп, "Хабар" телеарнасын биік белестерге шығаруға өзіндік үлес қосады деп сенеміз", - деді "Хабар Агенттігі" АҚ басқарма төрағасы.

    Белгілі тележурналист Арман Балтабайұлы "Хабар" телеарнасының директоры болып тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.