jitsu gif branding logo appbranding logo app
Саясат

    Тоқаев екі министрдің орынбасарларын тағайындады

    Қасым-Жомарт Тоқаев
    Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

    Қасым-Жомарт Тоқаев елдің екі министрлігі басшыларының орынбасарларын тағайындады. Өкімдер Ақорда сайтында жарияланды.

    "Мемлекет басшысының өкімімен Қаныш Асанханұлы Әбубәкіров Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды", - делінген өкімде.

    Қаныш Асанханұлы 1977 жылы 12 ақпанда дүниеге келген. ҚР Аэроұтқырлар басқармасы қолбасшысының орынбасары - жауынгерлік даярлық басқармасының бастығы, ҚР ҚК Десанттық шабуылдау басқармасы басшысының орынбасары - штаб бастығы болды. 2017 жылдың желтоқсанынан "Батыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысы лауазымындарында қызмет еткен.

    Сондай-ақ, мемлекет басшысы Айдар Мұтәлікұлы Сайтбековті Қазақстан республикасы ішкі істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындағаны туралы өкім жарияланды.

    Айдар Сайтбеков 1978 жылы туған. ІІМ Ақтөбе заң институтының бастығы, Ішкі істер министрлігі Кадр саясаты департаментінің бастығы, Ішкі істер министрлігі Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясының бастығы қызметтерін атқарған.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.