jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    Ербол Әліқұлов мәдениет және ақпарат вице-министрі болып тағайындалды

    Ербол Әліқұлов
    Ербол Әліқұлов. Фото: t.me/KZgovernment

    Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулысымен Ербол Әліқұлов мәдениет және ақпарат вице-министрі болып тағайындалды. Бұл туралы үкіметтің ресми Telegram-каналына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Ербол Әліқұлов 1974 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.

    Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін бітірген.

    Еңбек жолын 1996 жылы Б. Момышұлы атындағы "Кәусар бұлақ" республикалық қайырымдылық қоры директорының орынбасары болып бастаған.

    1998-2002 жылдары жеке компанияда жұмыс істеді.

    2002-2005 жылдары — Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімі аппаратының бөлімінде бас маман, бөлім басшысы, әкім орынбасары.

    2006-2009 жылдары — Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің көмекші-кеңесшісі, әкім орынбасары.

    2009-2013 жылдары — Алматы қаласы Жетісу ауданының әкімі.

    2013-2014 жылдары Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарды.

    2014-2017 жылдары — Алматы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы, еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон департаменті басшысы.

    2017 жылы еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті төрағасы орынбасарының міндетін атқарушы болды.

    2017-2022 жылдары — ҚР Президенті әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы.

    2022-2023 жылдары — Қарағанды облысы әкімінің орынбасары.

    2023 жылдың қазан айынан қазіргі уақытқа дейін Мәдениет және ақпарат министрлігі аппаратының басшысы болды.

    Ербол Әліқұлов мәдениет және ақпарат вице-министрі болып тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.