jitsu gif
Саясат

    Азаматтық авиация комитетінің төрағасы болып Салтанат Томпиева тағайындалды

    Салтанат Томпиева
    Салтанат Томпиева. Фото : primeminister.kz

    Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Салтанат Еркінқызы Томпиева болып тағайындалды. Бұл туралы премьер-министрдің ақпараттық ресми ресурсы хабарлады.

    "Үкіметінің қаулысымен Салтанат Еркінқызы Томпиева Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы болып тағайындалды", - делінген хабарламада.

    Салтанат Еркінқызы Томпиева 1977 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген. Е. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, Тулуза бизнес мектебін, ИАТА халықаралық әуе көлігі қауымдастығында білім алған.

    Еңбек жолын 1998 жылы Көлік және коммуникация министрлігінің авиациялық қауіпсіздік секторының жетекші маманы болып бастады.

    1998-2003 жылдары – Көлік және коммуникация министрлігі/Көлік, коммуникация және туризм министрлігі бөлімдерінің бас маманы.

    2003-2008 жылдары – ККМ Азаматтық авиация комитеті Халықаралық қатынастар бөлімінің бас маманы.

    2008-2014 жылдары ККМ ААК бас сарапшысы, бастығы, басқарма басшысы болып жұмыс істеді.

    2014-2019 жылдары – Инвестициялар және даму министрлігі ААК басқармасының басшысы, бас мемлекеттік инспекторы, басшысы – бас мемлекеттік авиация инспекторы.

    2019 жылы – Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ААК басқармасының басшысы.

    2019-2022 жылдары – ИИДМ ААК төрағасының орынбасары.

    2022 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ бас директорының орынбасары болды.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.