jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ГҚ
    Гүлзат Қазанғапова
    Бұрынғы қызметкер

    Астанада Есіл ауданының әкімі тағайындалды

    Дарменияр Қыдырбекұлы
    Есіл ауданының әкімі Дарменияр Қыдырбекұлы. Фотосурет: facebook.com/astanaakimat

    Астанада Есіл ауданының әкімі лауазымына Дарменияр Қыдырбекұлы тағайындалды. Бұл туралы әкімдіктің Facebook парақшасына сілтеме жасап KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Астанада Президент әкімшілігінің және қалалық мәслихат депутаттарының келісімі бойынша меритократия қағидатына сәйкес, Есіл ауданының әкімі тағайындалды. Бұл лауазымға 42 жастағы Дарменияр Қыдырбекұлы кірісті. Ол 4 жылдан астам уақыт Есіл ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

    Еңбек жолын 2006 жылы "Мүлһин" қоры" қоғамдық бірлестігінде бастаған. Әр жылдары қоғамдық және жеке құрылымдарда жұмыс істеді.

    2012 - 2013 жылдар аралығында "Жетісу ӘКК" ҰК" АҚ басқарма төрағасының орынбасары лауазымын атқарды.

    2013 ақпаннан наурызға дейін Талғар ауданы әкімінің көмекшісі болып жұмыс істеген.

    2013 - 2019 жылдар аралығында Талғар ауданы әкімінің орынбасары болды.

    2019 жылғы 19 қарашадан бастап – Астана қаласы Есіл ауданы әкімінің орынбасары.

    Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында Астана әкімі Жеңіс Қасымбек аудан мен елді мекендерді дамыту бойынша бірқатар міндеттер жүктеді.

    Астанада Есіл ауданының әкімі тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.