jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    Әсет Тұрысов қаржы вице-министрі болып тағайындалды

    Әсет Тұрысов
    Әсет Тұрысов. Фото: primeminister.kz

    Әсет Нұрланұлы Тұрысов бұрынғы қызметінен босатылып, қаржы вице-министрі болып тағайындалды. Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметі Telegram-дағы арнасында хабарлады.

    Айта кетсек, 2021 жылғы қаңтардан бастап Тұрысов цифрлық жаму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі болды.

    "Параграф" сайтындағы ақпаратқа сәйкес, Әсет Тұрысов 1987 жылы 10 қараша Ресейде дүниеге келген.

    Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін "Математикалық және компьютерлік модельдеу" мамандығы бойынша бітірген.

    2017 жылы Нархоз университетін "Экономика" мамандығы бойынша тәмамдаған.

    2014 жылы Астана қаласы бойынша "Халыққа қызмет көрсету орталығы" РМК басқарушы директоры болды.

    2014-2018 жылдары – "Қазпочта" АҚ басқарушы директоры.

    2018-2021 жылдары – "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ басқарма төрағасы.

    Әсет Тұрысов қаржы вице-министрі болып тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.