jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    Алтай Көлгінов жаңа қызметке тағайындалды

    Алтай Көлгінов
    Алтай Көлгінов. Фото: instagram.com/altay_kulginov_official

    Мемлекет басшысының жарлығымен Алтай Көлгінов Қазақстанның Эстония Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы арнасында хабарлады.

    Алтай Көлгінов 1978 жылы 15 қаңтарда дүниеге келген.

    Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін, Қазақстан президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын, "Болашақ" бағдарламасы бойынша Ұлыбританияның Абердин университетін бітірген. Мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі, халықаралық коммерциялық құқық магистрі.

    2001-2008 жылдары Әділет министрлігі, Мемлекеттік қызмет істері агенттігі және Бас прокуратура органдарында әр түрлі лауазымда қызмет атқарған.

    2008-2010 жылдары жеке меншік компанияда жұмыс істеген.

    2010-2012 жылдары Қазақстан президенті әкімшілігінің аумақтық-ұйымдастыру және мемлекеттік бақылау жұмыстары бөлімінің мемлекеттік инспекторы қызметін атқарған.

    2012-2013 жылдары – Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, 2013-2016 жылдары – Орал қаласының әкімі, 2016-2019 жылдары – Батыс Қазақстан облысының әкімі, 2019 жылғы маусымнан 2022 жылғы желтоқсан аралығында Астана қаласының әкімі болған.

    2022 жылғы 9 желтоқсанда Қазақстан президентінің жарлығымен премьер-министрдің орынбасары қызметіне келіп, 2023 жылғы 3 сәуірде бұл қызметке қайта тағайындалды. Сол жылы маусым айында Алтай Көлгінов премьер-министрдің орынбасары лауазымынан босатылды.

    Айта кетсек, мемлекет басшысының жарлығымен бұған дейін Қазақстанның Эстониядағы елшісі лауазымын атқарған Нұрлан Сейтімов қызметінен босатылды.

    Алтай Көлгінов жаңа қызметке тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.