jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Аида Тақабаева
    Аида Тақабаева
    Бұрынғы қызметкер

    Абзал Досжанов Атырау мұнай өңдеу зауытының бас директоры болып тағайындалды

    Абзал Досжанов
    Абзал Досжанов: t.me/kmgpress

    "Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС бас директоры лауазымына Абзал Досжанов тағайындалды. Бұл туралы "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Абзал Досжанов Атырау қаласында дүниеге келген.

    Еңбек жолын 2006 жылы Атырау мұнай өңдеу зауытында технологиялық қондырғылардың операторы болып бастады.

    Жылдар өте гидрогенизациялық процестер ауысымының бастығы, кейіннен кәсіпорынды жаңғырту жобасын сүйемелдеу тобының технология бойынша бас маманы ретінде қызмет етті.

    2010 жылдан бастап KMG International компаниясында жұмыс істеді. Петромидия зауытының процестерді жақсарту жөніндегі менеджерінен Rompetrol Rafinare мұнай өңдеу зауыты бас директорының бірінші орынбасары – бас инженер лауазымына дейін өсті.

    2023 жылдан бастап "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ мұнай өңдеу және мұнай химиясы департаменті мұнай өңдеу басқармасының бастығы қызметін атқарды.

    Абзал Досжанов Атырау мұнай өңдеу зауытының бас директоры болып тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.