jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Маңғыстау облыстық ТЖД-ға жаңа басшы тағайындалды

    Мұрат Сейтмолдаұлы
    Мұрат Сейтмолдаұлы. Фото: Маңғыстау облыстық ТЖД

    Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы болып полковник Мұханов Мұрат Сейтмолдаұлы тағайындалды. Бұл туралы облыстық ТЖД хабарлады.

    Ведомство мәліметінше, Мұрат Мұханов 1985 жылы Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында дүниеге келген. 2006 жылы ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институтын, 2020 жылы Ресей Федерациясы Азаматтық қорғаныс, төтенше жағда йлар және дүлей зілзалалардың салдарын жою істері министрлігі Мемлекеттік өртке қарсы қызметінің Санкт-Петербург университетін бітірген.

    Еңбек жолын Маңғыстау облысының төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау басқармасы нормативтік-техникалық бөлімінің инженері қызметінен бастаған. 2006-2010 жылдар аралығында мемлекеттік өрт бақылау бағыты бойынша әртүрлі лауазымда қызмет атқарды.

    Әр жылдары мемлекеттік өрт бақылау бөлімінің бастығы, мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы, Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, бастығы, лауазымдарында қызмет атқарды. Кейінгі атқарған қызметі Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары.

    Маңғыстау облыстық ТЖД-ға жаңа басшы тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.