jitsu gif
Саясат

    Белгілі журналист "Хабар" арнасының директоры болып тағайындалды

    Жайнагүл Төлеміс
    Жайнагүл Төлеміс. Фото: khabar.kz

    Танымал журналист Жайнагүл Төлеміс "Хабар" арнасының директоры қызметіне тағайындалды. Бұл туралы телеарна ресми сайтында хабарлады.

    Телеарна ақпаратынша, Жайнагүл Төлеміс 1984 жылы 8 мамырда Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Айшуақ ауылында дүниеге келген. Бек Сүлейменов атындағы орта мектептің түлегі.

    Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтын "Қазақ тілі және әдебиеті" мамандығы бойынша тәмамдаған. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да "Журналистика" мамандығын бітірген, осы университеттің PhD докторанты.

    Колумбия өнер және ғылым колледжінің "Медиа және коммуникациялық зерттеулер" мамандығы бойынша түлегі. Американың Джордж Вашингтон университетінің "Медиа және саяси стратегиялық коммуникациялар" факультетін бітірген.

    Белгілі журналист "Хабар" арнасының директоры болып тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.