jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Бағдат Мусиннің орнына Цифрлық даму министрлігіне жаңа басшы келді

    Жаслан Мәдиев
    Жаслан Мәдиев. Фото: primeminister.kz

    Мәдиев Жаслан Хасенұлы Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

    "Мемлекет басшысының Жарлығымен Жаслан Хасенұлы Мәдиев Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі лауазымына тағайындалды", - делінген Ақорда хабарламасында.

    Айта кетейік, 30 сәуірде Бағдат Мусин цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі лауазымынан босатылған болатын.

    Премьер-министрдің ресми ақпараттық ресурсындағы мәліметке сүйенсек, Жаслан Мәдиев 1983 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Колумбия университетін, Массачусетс технологиялық институтын тәмамдаған. 

    Еңбек жолын 2004 жылы "Альянс Банк" АҚ Халықаралық қатынастар департаментінің Халықаралық қаржы институттарымен жұмыс басқармасының маманы болып бастаған.

    2007-2008 жылдары –"Қазына" тұрақты даму қоры" АҚ корпоративтік қаржыландыру департаментінің бас менеджері.

    2008 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Стратегиялық талдау және зерттеулер орталығында, "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-да жұмыс істеді.

    2009-2010 жылдары – KAZYNA CAPITAL MANAGEMENT АҚ басқарма төрағасының орынбасары.

    2010-2014 жылдары – "Қазақстанның даму банкі" АҚ басқарушы директоры-мүшесі, басқарма төрағасының орынбасары.

    2014-2015 жылдары Ұлттық банкінің құрылымында басшылық лауазымдарды атқарды.

    2017-2018 жылдары – "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" АҚ вице-президентінің міндетін атқарушы, қаржы жөніндегі вице-президенті.

    2018 жылы "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" АҚ қаржы жөніндегі басқарма төрағасы болып тағайындалды.

    2019-2020 жылдары – Қазақстан Республикасының ұлттық экономика вице-министрі.

    2020 жылғы қазан – 2022 жылғы қаңтар Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

    2022 жылғы қаңтарда цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі болып тағайындалған.

    Бағдат Мусиннің орнына Цифрлық даму министрлігіне жаңа басшы келді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.