jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Маңғыстау облысының прокуроры тағайындалды

    Айдос Серікханұлы Майлыбаев
    Айдос Серікханұлы Майлыбаев. Фото: Бас прокуратура

    Президент келісімі негізінде бас прокурордың 2024жылғы 17 мамырдағы бұйрығымен 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Айдос Серікханұлы Майлыбаев Маңғыстау облысының прокуроры лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Бас прокуратура хабарлады.

    Айдос Серікханұлы Майлыбаев еңбек жолын 2001 жылы Жамбыл облысы Тараз қаласы прокурорының көмекшісі лауазымынан бастаған.

    Әр жылдары Алматы облысы Жамбыл және Панфилов аудандарының прокуроры, Жамбыл облысы прокурорының орынбасары, Ақтөбе облысы прокурорының бірінші орынбасары қызметтерін атқарған.

    Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін 4 жылдан астам Ақмола облысының прокуроры болды.

    Майлыбаев заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға қосқан үлесі үшін "Жауынгерлік ерлігі үшін" медалімен және 2-дәрежелі "Айбын" орденімен наградталған. Ол – прокуратураның құрметті қызметкері.

    Маңғыстау облысының прокуроры тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.