jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Рамазан Есмағамбетов
    Рамазан Есмағамбетов
    Бұрынғы қызметкер

    Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

    Абзал Әбдікәрімов
    Абзал Әбдікәрімов. Фото: t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi

    Бүгін Президент Әкімшілігінің келісімімен Абзал Әлиұлы Әбдікәрімов Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Абзал Әбдікәрімов 1987 дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2010 жылы "Болашақ" бағдарламасымен Лондондағы Корольдік колледжін, 2011 жылы Бизнес мектебін, 2013 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін бітірген. Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі.

    Еңбек жолын 2010 жылы жеке кәсіпкерлік субъектілерінде бастап, ұлттық компанияларда түрлі лауазымда жұмыс істеген.

    2016-2019 жылдары Ұлттық экономика министрінің кеңесшісі, департамент директорының орынбасары, директоры қызметтерін атқарған.

    2019-2022 жылдары Ұлттық экономика министрлігінің Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментін басқарған.

    2022 жылдың қаңтар айынан бастап Ұлттық экономика вице-министрі қызметін атқарып келді.

    Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.