jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ГҚ
    Гүлзат Қазанғапова
    Бұрынғы қызметкер

    Жасанды интеллект комитетінің төрағасы тағайындалды

    Ғиззат Сейдахметұлы Байтұрсынов
    Ғиззат Сейдахметұлы Байтұрсынов. Фото: primeminister.kz/

    Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің бұйрығымен Ғиззат Байтұрсынов ведомствоның Жасанды интеллект және инновацияларды дамыту комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы үкіметке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Ведомство ақпаратынша, Ғиззат Байтұрсынов 1994 жылы Шымкентте дүниеге келген. Малайзияның Азия-Тынық мұхиты технологиялар және инновациялар университетін, Д.А. Қонаев атындағы Еуразия заң академиясын бітірген. 

    Еңбек жолын жеке компанияда бағдарламашы болып бастаған. 

    2019 жылы "Жастар практикасы" бағдарламасы бойынша ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Электрондық өнеркәсіпті дамыту департаментінде жұмыс істеді.

    2020-2023 жылдары – Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Электрондық өнеркәсіпті және цифрлық активтер индустриясын дамыту департаментінің сарапшысы, бас сарапшысы, басқарма басшысы, директордың орынбасары. 

    2023 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін – ҚР ЦДИАӨМ Электрондық өнеркәсіпті және цифрлық активтер индустриясын дамыту департаментінің директоры.

    Жасанды интеллект комитетінің төрағасы тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.