jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Павлодар облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

    Айгүл Мәлікова
    Айгүл Мәлікова. Фото: Павлодар облыстық әкімдігі

    Павлодар облысы әкімінің орынбасары болып Мәлікова Айгүл Қайыртасқызы тағайындалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ облыстық әкімдікке сілтеме жасап хабарлайды.

    Президенті әкімшілігінің келісімі бойынша, облыс әкімі Асайын Байхановтың өкімімен 2024 жылғы 8 тамыздан бастап Айгүл Қайыртасқызы Маликова Павлодар облысы әкімінің идеология мәселелері жөніндегі орынбасары лауазымына тағайындалды.

    Ол ішкі саясат, мемлекеттік тілді дамыту, дін, мәдениет, білім және спорт салаларына жетекшілік етеді.

    Айгүл Қайыртасқызы, 1976 жылы туған. "Биология және химия", "Қаржы" мамандықтары бойынша жоғары білімі және саясаттану магистрі дәрежесі бар.

    1997-2008 жылдары Павлодар қаласының мектептерінде мұғалім, директордың тәрбие жөніндегі орынбасары болып жұмыс істеді.

    Мемлекеттік қызметтегі еңбек жолын 2008 жылы Павлодар қаласы білім бөлімінің маманы болып бастады.

    2010-2018 жылдары Павлодар қаласының № 20 мектеп-лицейі мен № 17 мектебін басқарды. 2018 жылдан бастап Павлодар облысының Кәсіподақ орталығында, AMANAT партиясының ПҚФ, Павлодар қаласының білім бөлімі мен әкімі аппаратында басшылық лауазымдарда қызмет атқарды.

    2023 жылғы сәуірден бастап осы лауазымға тағайындалғанға дейін AMANAT партиясының ПОФ атқарушы хатшысы болды.

    Павлодар облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.