jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    Асқарбек Ертаев еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметіне тағайындалды

    Асқарбек Ертаев
    Асқарбек Ертаев. Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

    Асқарбек Маратұлы Ертаев еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы үкімет Telegram-дағы арнасында хабарлады.

    "Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Ертаев Асқарбек Маратұлы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметіне тағайындалды", - делінген хабарда.

    1977 жылы Ақтөбе қаласында туған. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін,  "Нұр" Ақтөбе мененджмент, бизнес және құқық институтын бітірген.

    Еңбек жолын 1997 жылы Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы әкімінің аппаратында маман болып бастаған. 

    2000-2014 жылдары банк секторында жұмыс істеді. 

    2014 жылы — Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Сауда комитеті бас сарапшысының м.а.

    2014-2021 жылдары — Ұлттық экономика министрлігінің бас сарапшысы, басқарма басшысы, департамент директорының орынбасары, департамент директоры. 

    2021-2022 жылдары — Президент Әкімшілігі Қауіпсіздік кеңесінің талдау бөлімінде сектор меңгерушісі.

    2022-2023 жылдары — Премьер-министр кеңсесінің, үкіметі аппаратының экономикалық бөлімінің меңгерушісі.

    2023 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін — Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің төрағасы.

    Асқарбек Ертаев еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметіне тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.