jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Аида Тақабаева
    Аида Тақабаева
    Бұрынғы қызметкер

    Үкімет аппараты басшысының жаңа орынбасары тағайындалды

    Аян Мағзұмов
    Аян Мағзұмов. Фото: primeminister.kz

    Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулысымен Аян Мағзұмов үкімет аппараты басшысының орынбасары қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ведомствоға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Аян Мағзұмов 1987 жылы Ақмола облысында дүниеге келген.

    Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін "Экономист" мамандығы бойынша, Шеффилд университетін (Ұлыбритания) мемлекеттік басқару магистрі дәрежесі бойынша бітірген.

    Еңбек жолын 2009 жылы бастаған.

    Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитетінің сарапшысы, Көлік және коммуникация министрлігі автомобиль көлігі департаментінің бас сарапшысы, премьер-министрі кеңсесінің индустриялық-инновациялық даму бөлімінің бас сарапшысы қызметтерін атқарды.

    Премьер-министр кеңсесінің индустриялық-инновациялық даму бөлімінде бірқатар қызмет атқарған.

    2023 жылғы ақпаннан бастап – Үкіметі аппаратының нақты секторды және өңірлерді дамыту бөлімінің меңгерушісі.

    2024 жылғы сәуірден бастап қазіргі уақытқа дейін — ҚР Үкіметі аппаратының индустриялық және инфрақұрылымдық даму бөлімінің меңгерушісі.

    Үкімет аппараты басшысының жаңа орынбасары тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.