jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Шымкент мұнай өңдеу зауытының басшысы тағайындалды

    Бақыт Ерегенов
    Бақыт Ерегенов. Фото: petrokazakhstan.kz

    "ПетроҚазақстан Ойл Продактс" ЖШС (ПҚОП) қатысушыларының жалпы жиналысының шешіміне сәйкес зауыт басшысы болып Бақыт Ерегенов тағайындалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазМұнайГаз-дың ресми сайтына сілтеме жасап.

    27 тамызда "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ мұнай өңдеу және мұнай химиясы департаментінің директоры Еділ Өтеков Бақыт Ерегеновті кәсіпорын ұжымына таныстырды.

    Бақыт Тасқынұлы Ерегенов 1965 жылы 5 қаңтарда дүниеге келген. 1990 жылы Қазақ химия-технология институтын (қазіргі М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті) "Отын және көміртегі материалдарының химиялық технологиясы" мамандығы бойынша химик-технолог инженері дипломымен бітірген.

    Еңбек жолын "ЛУКойл-Волгоград мұнай өңдеу" ЖШҚ-да мұнайды алғашқы өңдеу және термиялық крекинг цехы қондырғысының бастығы болып бастап, одан кейін отын-кокс өндірісінде №1 мұнайды алғашқы өңдеу және термиялық крекингтеу цехы бастығының орынбасары болып жұмыс істеді. Әр жылдары "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ-ның мұнай өңдеу және мұнай химиясы бөлімшелерінде қызмет етті.

    2011 жылы Шымкент мұнай өңдеу зауытына қабылданып, инжиниринг және жобаны басқару департаментінің менеджерінен бастап жобаларды бақылау директоры, одан кейін өндіріс жөніндегі директоры лауазымдарын атқарды. 2019 жылдан бері "ПетроҚазақстан Ойл Продактс" ЖШС техникалық директоры болды.

    Шымкент мұнай өңдеу зауытының басшысы тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.