jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    Ермек Маржықпаев туризм және спорт министрі лауазымынан босатылды

    Ермек Маржықпаев
    Ермек Маржықпаев. Фото: t.me/Turizm_jane_sport_ministrligi

    Мемлекет басшысының жарлығымен Ермек Маржықпаев туризм және спорт министрі лауазымынан босатылды. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    "Мемлекет басшысының жарлығымен Ермек Боранбайұлы Маржықпаев Қазақстан республикасының туризм және спорт министрі лауазымынан босатылды", - делінген ресми хабарламада.

    Ермек Боранбайұлы 1969 жылы Целиноград қаласында дүниеге келген.

    С.Сейфуллин атындағы Ақмола мемлекеттiк педагогикалық институтын, "Тұран" университетiн және Көкшетау университетiн бiтiрген.

    Еңбек жолын 1991 жылы дене шынықтыру мұғалiмi болып бастаған.

    1992-1993 жылдары - Ақмола облысы Бурабай кентiнің орта мектебінде мұғалім.

    1993-1994 жылдары - "Шонай" ШЖК директоры.

    1994-2008 жылдары - "Береке-Бурабай" ЖШС директоры.

    2008-2012 жылдары - Ақмола облысы Аршалы ауданының әкiмi.

    2012-2013 жылдары - Ақмола облысы Зерендi ауданының әкiмi.

    2013-2014 жылдары - Ақмола облысы әкiмiнiң орынбасары.

    2014-2015 жылдары - Қазақстан Республикасы президентi Әкiмшiлiгi Мемлекеттiк бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлiмiнiң мемлекеттiк инспекторы.

    2015-2019 жылдары - Ақмола облысы Көкшетау қаласының әкiмi.

    2019 жылғы наурыздан - Ақмола облысының әкiмi.

    2023 жылғы 2 қыркүйекте Қазақстан Республикасы президентінің жарлығымен Туризм және спорт министрі болып тағайындалды.

    2024 жылы 6 ақпанда мемлекет басшысының жарлығымен Туризм және спорт министрі болып қайта тағайындалды.

    Ермек Маржықпаев туризм және спорт министрі лауазымынан босатылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.