jitsu gif
Саясат

    Ғалым Әшімов қайтадан Теміртау қаласының әкімі болып тағайындалды

    Ғалым Әшімов
    Ғалым Әшімов. Фото: Теміртау әкімдігінің ресми сайты

    Президенті Әкімшілігінің және қалалық мәслихат депутаттарының келісімі бойынша Теміртау әкімі болып Ғалым Әбіханұлы Әшімов тағайындалды. Бұл туралы әкімдіктің ресми сайтында хабарланды.

    Ғалым Әшімов 1968 жылы туған. Еңбек жолын 1989 жылы бастаған. Жәйрем тау-кен байыту комбинатында түрлі лауазымдарда жұмыс істеген.

    2000 жылдан бастап мемлекеттік қызметте – Қарағанды облысының Жәйрем кентінің әкімі. Содан кейін "Өркен" ЖШС-де директордың жалпы мәселелер жөніндегі орынбасары, коммерциялық бөлімнің бастығы, логистика жөніндегі директоры, логистика бөлімінің бастығы, "Жәйрем КБК" АҚ президентінің логистика жөніндегі көмекшісі болып жұмыс істеді.

    2010 жылдан 2013 жылға дейін Қаражал қаласының әкімі қызметін атқарды, Қарағанды облысы әкімі аппаратының басшысы болды, Қарағанды облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасын, сондай-ақ Қарағанды облысының өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқармасын басқарды.

    2013 жылдан 2015 жылға дейін Қарағанды облысы әкімінің орынбасары болды.

    2015 жылдан 2020 жылға дейін Теміртау қаласының әкімі, Қарағанды облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы қызметін атқарды.

    Осы тағайындауға дейін "Имсталькон" АҚ-да жұмыс істеді.

    Ғалым Әшімов қайтадан Теміртау қаласының әкімі болып тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.