jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    Дмитрий Малахов Жоғары сот кеңесінің төрағасы болып тағайындалды

    Дмитрий Малахов
    Дмитрий Малахов. Фото: Антикор

    Дмитрий Михайлович Малахов Қазақстан Республикасы Жоғары сот кеңесінің төрағасы лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

    "Мемлекет басшысының Жарлығымен Дмитрий Михайлович Малахов Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы лауазымына тағайындалды", - делінген құжатта.

    Бұған дейін аталған қызметті атқарған Денис Шипп қызметінен босатылды. Ал бірнеше күн бұрын Малахов Қаржылық мониторинг агенттігінің басшысы қызметінен босатылған.

    Малахов Дмитрий Михайлович 1974 жылы 27 тамызда Көкшетауда өмірге келген.

    1995 жылы ІІМ Алматы жоғары мектебін бітірген. 2005 жылы Рысқұлов атындағы Экономика және қаржы университетін заңгер, экономист мамандығы бойынша бітірген.

    2020 жылдан 2022 жылға дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді.

    2022-2023 жылдары Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары болды.

    2023 жылдан 2024 жылдың ақпанына дейін Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары болды. Ақпан айынан бері агенттік төрағасы қызметін атқарды.

    Дмитрий Малахов Жоғары сот кеңесінің төрағасы болып тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.