jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    ПД басшысы ауысты: Жамбыл облысының полициясында кадрлық ауыс-түйіс болды

    Бақытжан Малыбаев
    Бақытжан Малыбаев. Фото: polisia.kz

    Жамбыл облысының полиция департаментінде бірқатар кадрлық тағайындау жүргізілді. Бұл туралы Polisia.kz хабарлайды.

    Ведомство ақпаратынша, полиция департаментінің бастығы Арманбек Баймурзин және оның орынбасарлары Құрмет Мажикенов, Нұржан Рахметуллаев, Қанат Сматов, Бауыржан Удергенов, сондай-ақ ПД өзіндік қауіпсіздік басқармасының бастығы Алмас Қожашев қызметінен босатылды.

    Облыстық ПД жаңа бастығы болып Бақытжан Малыбаев тағайындалды. Ол бұрын көліктегі полиция департаментін басқарған.

    ПД бастығының бірінші орынбасары қызметіне Мақсат Қанапяев, ал орынбасарлары болып Бауыржан Жанаев, Жайдарбек Құттыбаев және Мұхтар Аманбеков тағайындалды.

    Ведомство ақпаратынша, Ішкі істер министрлігі полиция жұмысын оңтайландыру және оның тиімділігін арттыру бойынша шаралар қабылдауды жалғастырады.

    ПД басшысы ауысты: Жамбыл облысының полициясында кадрлық ауыс-түйіс болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.