jitsu gif
Саясат

    Шымкент қаласы полиция департаментінде кадрлық ауыс-түйіс болды

    Арман Бейсенбаев
    Арман Бейсенбаев. Фото: instagram.com/police_shymkent

    Шымкент қаласы полиция департаменті бастығының орынбасары мен бірінші орынбасары тағайындалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ қалалық ПД-ның Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Ішкі істер министрі Ержан Саденовтың бұйрығымен Арман Бейсенбаев Шымкент қаласы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды. Полиция полковнигі жедел қызмет бөлімдерінің жұмысына жетекшілік етеді.

    Арман Арун-Рашидұлының ішкі істер органдарында 28 жылдан астам еңбек өтілі бар. Жедел қызмет саласында әртүрлі жауапты лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі мол. Бұған дейін Шымкент қаласы полиция департаменті бастығының орынбасары қызметін атқарған.

    Ал Шымкент қаласы полиция департаменті бастығының орынбасары қызметіне Ұлықбек Мылтықов тағайындалды.

    Ұлықбек Тұрғынұлының ішкі істер органдарында 28 жыл еңбек өтілі бар. Бұған дейін Шымкент қаласы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы қызметін атқарған.

    Еске салайық, 23 қыркүйекте Шымкент қаласы полиция департаментінің бастығы лауазымына Нұрлан Алмасбеков тағайындалған еді. Ол бұған дейін Алматы қаласы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары қызметін атқарды.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.