jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Атырау облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

    Дарын Шамұратов
    Дарын Шамұратов. Фото: Атырау облысы әкімдігі

    Дарын Дүйсембайұлы Шамұратов Атырау облысы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ облыс әкімдігіне сілтеме жасап хабарлайды.

    Облыс әкімінің баспасөз қызметі мәліметінше, президент әкімшілігінің келісімімен, облыс әкімінің өкімімен Дарын Дүйсембайұлы Шамұратов Атырау облысы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.

    Дарын Шамұратов М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін "география" мамандығы бойынша, Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университеті "қаржы" мамандығы бойынша бітірген.

    2009-2009жылдар аралығында Бөдене ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманның міндетін уақытша атқарушы, әкім аппаратының бас маманы болған.

    2009- 2012 жылдар аралығында Индер ауданы әкімі аппаратының жалпы бөлімінің бас маманы болды.

    2012-2021 жылдар аралығында Индер ауданы әкімі аппаратының жалпы бөлімінің меңгерушісі, Индер ауданы әкімі аппаратының басшысы, Индер ауданы әкімінің аппараты, аудан әкімінің орынбасары болған.

    2021- 2022 жылдар аралығында Атырау облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.

    Тағайындалғанға дейін Индер ауданының әкімі лауазымын атқарған.

    Атырау облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.