Саясат

Зектілері

Түркістан облысы полиция департаментінде кадрлық өзгеріс болды

Жарияланған күні:

Досжан Нұсқабеков
Досжан Нұсқабеков. Фото: instagram.com/turkistan_polisia

Полиция майоры Досжан Нұсқабеков ішкі істер министрінің бұйрығымен Түркістан облысы полиция департаменті тылмен қамтамасыз ету басқармасының басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ облыстық ПД-ның Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Жаңа басшыны жеке құрамға Түркістан облысы ПД бастығының орынбасары полиция подполковнигі Меруерт Әбдіқадырқызы таныстырып, алдағы қызметіне сәттілік тіледі.

"Осы уақыт аралығында полиция майоры Досжан Нұсқабеков ішкі істер саласында түрлі лауазымдарда абыройлы қызмет еткен. Бұған дейін Түркістан облысы Бәйдібек, Кентау, Сауран аудандарының полиция бөлімдерінде басшылық қызметтерді атқарған тәжірибелі маман", - делінген хабарламада.

Еске салайық, Шымкент қаласы полиция департаментінде кадрлық ауыс-түйіс болған еді. Арман Бейсенбаев ПД бастығының бірінші орынбасары, ал Ұлықбек Мылтықов орынбасары болып тағайындалды.

Сондай-ақ 23 қыркүйекте Шымкент қаласы полиция департаментінің бастығы лауазымына Нұрлан Алмасбеков тағайындалған болатын. Ол бұған дейін Алматы қаласы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары қызметін атқарды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/appointments/2178380-turkistan-oblysy-politsiia-departamentinde-kadrlyq-ozgeris-boldy/