Саясат

Зектілері

Түркістан облысында аудандық полиция бөліміне жаңа басшы тағайындалды

Жарияланған күні:

Нұрлан Мұратовты таныстыру сәті
Нұрлан Мұратовты таныстыру сәті. Фото: instagram.com/ turkistan_polisia

Түркістан облысы Созақ аудандық полиция бөліміне жаңа басшы тағайындалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомствоның Instagram желісіндегі ақпаратқа сәйкес, Түркістан облысы Созақ аудандық полиция бөлімінің бастығы лауазымына полиция полковнигі Нұрлан Мұратов тағайындалған.

Жаңа басшыны жеке құрамға Түркістан облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Асылжан Қалдарбеков таныстырды.

Айта кетейік, полиция полковнигі Нұрлан Жақыпұлы осы уақытқа дейін облыс орталығында қалалық полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары лауазымында қызмет атқарған.

"Ол өз саласында қылмыс пен құқық бұзушылықтардың азаюына үлесін қоса білген тәжірибелі маман", - дейді өңірлік полиция департаментіндегілер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/appointments/2180061-turkistan-oblysynda-audandyq-politsiia-bolimine-zhanga-basshy-tagaiyndaldy/