jitsu gif branding logo appbranding logo app
Саясат

    Талғар ауданына жаңа прокурор тағайындалды

    Ерлан Тағаев
    Ерлан Тағаев. Видеодан кадр: Instagram.com/talgar.pk

    30 қазанда Алматы облысы прокурорының бірінші орынбасары Қатаев Дамир Меделбайұлы Талғар ауданының әкімдігінде Талғар ауданының прокуроры Ерлан Әлижанұлы Тағаевты таныстырды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ аудандық прокуратураға сілтеме жасап хабарлайды.

    Аудандық прокуратура мәліметінше, Ерлан Әлижанұлы Тағаев прокурорлық қызметін Алматы облысының прокуратурасында бастап, кейін Карағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында жалғастырған.

    Талғар ауданы прокуроры болып тағайындалғанға дейін Курчатов қаласы, ШҚО түзеу мекемелерінде заңдылықтын сақталуын қадағалау жөніндегі арнайы прокуроры, Күршім ауданы, Аягөз, Абай және Жаңасемей аудандарының, прокуроры қызметін аткарған.

    Айта кетейік, Шерзат Болаттың өлімінен кейін Талғар ауданында тағы бірнеше шенеунік жазаланды. Аудан әкімдігінің сайтындағы мәлімет бойынша, Талғар ауданы әкімі аппаратының басшысы Қасымбаев Аслан Нұрғайыпұлы қызметінен босатылды.

    Сонымен қатар Талғар ауданының әкімі Айдарбеков Танат Есенкелдіұлы пен оның орынбасары Бидаев Айбек Дүйсембекұлы "сөгіс" түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

    Бұған дейін Талғар қаласының әкімі Бахыт Күрішбеков пен әкімнің орынбасары Матан Сағындық қызметінен босатылғаны хабарланған еді.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.