jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ҚТ
    Қаламқас Төре
    Бұрынғы қызметкер

    Қазбек Тәшімов Ауыл шаруашылығы министрлігінде комитетті басқарды

    Қазбек Тәшімов
    Қазбек Тәшімов. Фото: gov.kz

    Қазбек Тәшімов Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің жаңа төрағасы болып тағайындалды. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Бүгін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің жаңа төрағасы-Қазбек Қазиханұлы Тәшімовті таныстырды.

    Осы лауазымға тағайындалғанға дейін Қазбек Тәшімов АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

    Ол 1980 жылы Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы Каменка ауылында дүниеге келген.

    2001 жылы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін "Ветеринариялық санитария" мамандығы бойынша бітірген. 2005 жылы сол университетте "Құқықтану" мамандығы бойынша екінші жоғары білім алды.

    Еңбек жолын 2002 жылы АШМ Тасқала аудандық аумақтық басқармасының жетекші маманы болып бастаған. 2005-2011 жылдар аралығында Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әкімінің аппаратында әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарды.

    2011 жылдан бастап Орал қаласындағы Батыс Қазақстан облысы Ауыл шаруашылығы басқармасының ветеринария бөлімін басқарды, ал 2015 жылы Батыс Қазақстан облысы ветеринария басқармасының басшысы болып тағайындалды.

    2017 жылдан 2021 жылға дейін Орал қаласы Батыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.

    2021-2024 жылдар аралығында Ақтау қаласындағы Маңғыстау облысының Ауыл шаруашылығы басқармасын басқарды.

    Қазбек Тәшімов Ауыл шаруашылығы министрлігінде комитетті басқарды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.