Орталық сайлау комиссиясының тағы бір мүшесі ауысты
Жарияланған күні:

Сенат депутаттары жалпы отырыста Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Анастасия Щегорцова қызметінен босатылғаны хабарланды. Оның орнына бұл қызметке Ләззат Сүйіндік келді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Анастасия Щегорцова Орталық сайлау комиссиясының мүшесі қызметінен босатылды. Сенат спикері Мәулен Әшімбаев өкілеттілік мерзімі аяқталғанын айтты.
Оның орнына Ләззат Сүйіндік келді. Ол бұған дейін "Хабар" Агенттігі" АҚ басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарған.
Сенатта жарияланған ақпарат бойынша, Ләззат Сүйіндік Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, "Қазтұтынуодағы" Қарағанды экономикалық университетін бітірген.
Ол "Болашақ" стипендиясының иегері, Ұлыбританиядағы Шеффилд университетінде білім алған.
Қазақстанның премьер-министрінің сайтында Ләззат Сүйіндіктің 2008-2014 жылдары Мәдениет және ақпарат министрлігінде түрлі қызметтер атқарғаны жазылған.
2014-2016 жылдары Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің электрондық БАҚ басқармасының басшысы болды.
2016 жылдан бастап 2019 жылға дейін Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Ақпарат комитеті төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді.
2019 жылғы мамыр айынан бастап қазірге дейін Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінің төрайымы қызметін атқарды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/appointments/2184279-ortalyq-sailau-komissiiasynyng-tagy-bir-mushesi-auysty/