jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі тағайындалды

    Рахымжан Исақұлов
    Рахымжан Исақұлов. Фото: primeminister.kz

    Үкімет қаулысымен Рахымжан Ержанұлы Исақұлов өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды

    Премьер-министрдің ресми сайтындағы мәлімет бойынша, Рахымжан Ержанұлы Исақұлов 1987 жылы Шымкент қаласында дүниеге келді.  

    Роял Холлоуей Лондон университетін, Бедфорд Нью колледжін, Жапонияның Ұлттық аспиранттар саяси зерттеулер институтын бітірген.

    Еңбек жолын 2010 жылы Қазақстан Республикасы президенті Кеңсесі референтінің міндетін атқарушы болып бастады.

    2013-2018 жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінде Мемлекеттік қызмет және кадр саясаты бөлімінің консультантынан бастап Мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыс бөлімінің мемлекеттік инспекторына дейін түрлі лауазымды қызметтер атқарды.

    2018-2020 жылдары — Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы.

    2020-2023 жылдары — Астана қаласы әкімі аппаратының басшысы.

    2022-2023 жылдары — Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі аппаратының басшысы. 

    2023 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі аппаратының басшысы қызметін атқарды.

    Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.