jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Тоқаев "Астана" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысын тағайындады

    Қасым-Жомарт Тоқаев
    Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

    Махсут Гусейнов "Астана" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.

    "Мемлекет басшысының өкімімен Махсут Курманалиевич Гусейнов "Астана" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.

    Еске салайық, бұған дейін бұл қызметті былтыр қарашадан бері Ержан Ибраев атқарған болатын.

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қарулы күштерде кадрлық ауыс-түйіс жасады.

    "Мереке Мәтімұлы Көшекбаев Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы лауазымына тағайындалды.

    Ержан Уақасұлы Ыбыраев "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада.

    Тоқаев "Астана" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысын тағайындады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.