jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Аида Тақабаева
    Аида Тақабаева
    Бұрынғы қызметкер

    ІІМ Қарағанды академиясына жаңа басшы тағайындалды

    Нұрлан Бикенов
    Нұрлан Бикенов. Фото: polisia.kz

    ІІМ Қарағанды академиясының бастығы қызметіне Нұрлан Биекенов тағайындалды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің ақпараттық медиа-порталына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    "Президент Әкімшілігінің келісімі бойынша ішкі істер министрінің бұйрығымен Бәрімбек Бейсенов атындағы ІІМ Қарағанды академиясының бастығы болып Биекенов Нұрлан Амангелдіұлы тағайындалды

    Ведомстволық оқу орнының жаңа басшысын жеке құрамға министрдің орынбасары Айдар Сайтбеков таныстырды", - делінген ІІМ-нің ақпараттық медиа-порталында жарияланған хабарламада.

    Нұрлан Биекенов ІІМ Қарағанды академиясының оқытушысы, кафедра бастығы болып жұмыс істеген.

    Еске салсақ, бұған дейін Мақан Есболатов атындағы ІІМ Алматы академиясының бастығы болып Қалижан Қобландин тағайындалғанын жазған едік.

    ІІМ Қарағанды академиясына жаңа басшы тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.