jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Жылыту маусымындағы олқылық: Саран қаласына жаңа әкім тағайындалды

    Дарын Бұлқайыр
    Дарын Бұлқайыр. Фото: gov.kz

    Президент Әкімшілігінің және қалалық мәслихат депутаттарының келісімі бойынша Саран қаласының әкімі болып Дарын Бұлқайыр тағайындалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ әкімдікке сілтеме жасап хабарлайды.

    Жаңа қала басшысын қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев таныстырды. Депутаттар кандидатураны мақұлдады.

    Саран басшысына қаланы дамытудың басым міндеттері белгіленді.

    "Дарын Бейбітұлы қала әкімі лауазымында оған дейін басталған жобаларды жалғастырып, аяқтайтынына және жаңаларын іске асыратынына сенімдімін, бұл жергілікті тұрғындардың өмір сүру сапасына және жалпы қаланың одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсер етеді", - деді Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев

    Әкімдік мәліметінеше, Дарын Бұлқайыр 2012 жылдан бастап мемлекеттік қызметте. Қарағанды қаласы әкімінің аппаратында мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеген.

    2013 жылдан 2015 жылға дейін "Қарағанды қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі" ММ бас маманы, басшысының орынбасары болды.

    Кейін Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасында – бас маман-заңгер, бюджетті атқару бөлімінің бас маманы, мемлекеттік сатып алу және құқықтық жұмыс бөлімінің басшысы, Қарағанды қаласы Октябрь ауданы әкімінің орынбасары, Қарағанды облысының жер қатынастары басқармасының бастығы қызметтерін атқарған.

    Ол 2023 жылдың шілдесінен бастап осы тағайындауға дейін Қарағанды облысының өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқармасын басқарған.

    Жылыту маусымындағы олқылық: Саран қаласына жаңа әкім тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.