jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    Өскеменнің бұрынғы әкімі Жақсылық Омар жаңа қызметке тағайындалды

    Жақсылық Омар
    Фото: ОКҚ баспасөз қызметі

    Өскемен қаласының бұрынғы әкімі Жақсылық Омар жаңа қызметке тағайындалды. Бұл туралы KAZINFORM хабарлады.

    Ақпарат агенттігінің мәліметінше, Өскеменнің экс-әкімі Жақсылық Омар Шығыс Қазақстан облысы әкімінің кеңесшісі болып тағайындалған.

    Айта кетсек, Жақсылық Омар Өскемен қаласын 2018 жылдан бері басқарған. Ол 27 қарашада қызметінен кететінін мәлімдеді.

    Еске салсақ, бүгін Өскемен қаласының жаңа әкімі болып Алмат Ақышов тағайындалған болатын.

    ШҚО әкімі жаңа тағайындалған қала әкіміне экология мен көшелерді жарықтандыру мәселелерін назарға ала отырып, қаланы одан әрі дамыту бойынша ұсыныстар әзірлеуді тапсырды. Сонымен қатар экономика, құрылыс, абаттандыру және әлеуметтік саладағы маңызды жобаларды аяқтауды жүктеді.

    Өскеменнің бұрынғы әкімі Жақсылық Омар жаңа қызметке тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.