jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    Талғар қаласына жаңа әкім сайланды

    Арыстанбек Абилхайырұлы
    Арыстанбек Абилхаирұлы. Фото: instagram.com/arystan9398

    15 желтоқсанда Талғар қаласына жаңа әкім сайланды. Сайлау нәтижесінде Арыстанбек Абилхаирұлы жеңіске жетті. Бұл туралы аудан әкімдігі ресми сайтында хабарлады.

    Әкімдік ақпаратынша, 15 желтоқсанда Талғар ауданы Талғар қаласы әкімін сайлау өтті. Сайлаушылар тізіміне 42 774 азамат енгізілді. Дауыс беруге 12 875 сайлаушы қатысты.

    Сайлау қорытындысы бойынша мынадай нәтиже тіркелген:

    • Арыстанбек Абилхаирұлы сайлаушылардың 9071 даусына ие болған.
    • Каденов Жәнібек Жанболатұлына 1875 дауыс берілді.
    • Рамазанов Әлібек Ғайсаұлы үшін 1140 сайлаушы дауыс берді.
    • "Барлығына қарсы" белгісі бар бюллетеньдер саны – 182.

    Сайлау қорытындысымен Талғар қаласының әкімі болып Абилхаирұлы Арыстанбек сайланды. Ол 1983 жылы туған, "Талғар тұрғын үй" ЖШС -нің директоры, Талғар қаласының тұрғыны.

    Талғар қаласына жаңа әкім сайланды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.