jitsu gif branding logo appbranding logo app

    "Ең жас әкім": Түркістан облысының жаңа басшысы туралы не білеміз

    Нұралхан Көшеров
    Фото: https://t.me/turkistanoblysy

    Бүгін, 6 қаңтарда Түркістан облысына жаңа әкім тағайындалды. Өңірді енді 40 жастағы Нұралхан Көшеров басқарады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Қазіргі облыс әкімдерінің ішіндегі ең жас әкім болып тағайындалған Көшеров осыған дейін, яғни 2023 жылдың қаңтарынан бастап Түркістан облысы әкімінің орынбасары болған. Одан бұрын Мемлекеттік кірістер комитетінің құрылымында жұмыс істеді. Атап айтқанда, Шымкент, Атырау, Ақтау қалаларындағы мемлекеттік кірістер басқармаларында басшылық қызмет атқарды.

    Көшеров экономист, қаржыгер және заңгер мамндықтары бойынша жоғары білім алған. Шымкенттегі жоғары оқу орнынан бөлек, Мәскеудегі Ресей Федерациясы президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясында да білімін шыңдаған.

    Көшеров 2024 жылдың желтоқсан айында 40 жасқа толған және ол – қазір Қазақстандағы ең жас облыс әкімі.

    "Ең жас әкім": Түркістан облысының жаңа басшысы туралы не білеміз

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.