jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Петропавл қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды

    Сандыбеков Марлен
    Сандыбеков Марлен. Фото: Петропавл қаласы әкімдігі

    Петропавл қаласының әкімдігінде жаңа тағайындау болды. Қала басшысының орынбасары қызметіне Марлен Сәндібеков сайланды, деп хабарлайды Петропавл қаласы әкімдігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Қала әкімі Серік Мұхамедиевтің өкімімен Петропавл қаласы әкімінің экономика, кәсiпкерлiк, ауылшаруашылық және ветеринария мәселелерi жөнiндегi орынбасары болып Сандыбеков Марлен Бағытбекұлы тағайындалды.

    Марлен Бағытбекұлы 1984 жылдың 8 қаңтарында Қостанай облысы Арқалық қаласында дүниеге келді. Екі жоғары білімі бар: А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті – юриспруденция, К.Сағадиев атындағы халықаралық бизнес университеті – мемлекеттік жергілікті басқару мамандығы бойынша.

    Еңбек жолын 2008 жылы прокуратура органдарынан бастаған. Әр жылдары Қостанай қаласы әкімдігінде, Сарыкөл ауданы әкімінің аппаратында әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарған.

    Осы тағайындауға дейін Марлен Бағытбекұлы Қостанай облысы Мендіқара ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

    Петропавл қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.