jitsu gif
Саясат

    Талғар аудандық полиция басқармасына жаңа бастық тағайындалды

    Асхат Бекенов
    Асхат Бекенов. Фото: instagram.com/talgar_police

    Талғар аудандық полиция басқармасына жаңа бастық келді. Бұл лауазымға полиция полковнигі Асхат Бекенов тағайындалды, деп хабарлайды Талғар аудандық полиция басқармасы Instagram желісіндегі парақшасында.

    "Құрметті Талғар ауданының тұрғындары! Сіздерге Талғар аудандық полиция басқармасының бастығы болып полиция полковнигі Асхат Барлыбаевич Бекенов тағайындалғанын хабарлаймыз", - делінген хабарламада.

    Алматы облыстық полиция департаментінің мәліметінше, полковник Бекенов 1980 жылы Павлодар облысының Ертіс ауданында дүниеге келген.

    2001 жылы Қарағанды заң институтын тәмәмдаған. Ішкі істер органдарында 1997 жылдың тамызынан бастап қызмет етеді. Мансабын Павлодар облысы Қашыр АІІБ жедел уәкілі қызметінен бастаған.

    Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Алматы қаласы ПД криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары болып жұмыс істеген.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.