jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Ұлттық ұлан бас қолбасшысының орынбасары тағайындалды

    Абзал Жұматаев
    Абзал Жұматаев. Фото: polisia.kz

    ІІМ Ұлттық ұланы бас қолбасшысының техника және қару-жарақ жөніндегі орынбасары тағайындалды, деп хабарлайды Polisia.kz.

    "Президент әкімшілігімен келісім бойынша Ішкі істер министрінің бұйрығымен полковник Жұматаев Абзал Ғабдоллаұлы ҚР ІІМ Ұлттық ұланы бас қолбасшысының техника және қару-жарақ жөніндегі орынбасары болып тағайындалды", - деп жазады ақпараттық медиа-портал.

    Жаңадан тағайындалған офицерді бас қолбасшылықтың басшылық құрамына Ішкі істер министрі Ержан Сәденов таныстырған.

    Полковник Абзал Жұматаев мансап жолын 1997 жылы бастаған. Содан бері Ішкі істер органдары жүйесінде әртүрлі басшылық лауазымдарда қызмет етіп, өзін тәжірибелі офицер ретінде көрсете білген.

    Ұлттық ұлан бас қолбасшысының орынбасары тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.