jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    "Қазақстан халқына" қоғамдық қорын кім басқаратыны белгілі болды

    Ләззат Шыңғысбаева
    Ләззат Шыңғысбаева. Фото: qazaqstanhalqyna.kz

    "Қазақстан халқына" қоғамдық қорының басқарма төрайымы болып Ләззат Шыңғысбаева сайланды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

    "Қазақстан халқына" қоғамдық қоры қамқоршылық кеңесінің шешімімен 2025 жылғы 1 ақпаннан бастап "Қазақстан халқына" ҚҚ басқарма төрайымы лауазымына қоғам қайраткері, қайырымдылық және Қазақстандағы ҮЕҰ-ның институционалдық дамуы мен әлеуметтік жобаларды басқару саласындағы сарапшы Ләззат Шыңғысбаева сайланды", - делінген хабарламада.

    Ләззат Шыңғысбаева бұған дейін қордың басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарған. Ол "Ерен еңбегі үшін", "Атамекен" ҰКП құрметті қызметкері" медальдарымен марапатталған.

    Сондай-ақ қамқоршылық кеңес қор қызметкерлері София Айсағалиеваны басқарма төрағасының орынбасары, Серікбек Елшібековті басқарма мүшесі етіп сайлаған.

    "Басшылықтың ауысқанына қарамастан, қор жұмысын қалыпты тәртіпте жалғастырады. Қордың қамқоршылық кеңесінің пікірінше, басшылықтың ауысуы – бұл жаңа тарау, ол қайырымдылық қызметті дамыту үшін қосымша мүмкіндіктерді ашады", - делінген хабарламада.

    Естеріңізге сала кетсек, "Қазақстан халқына" қоғамдық қорын үш жыл басқарған Болат Жәмішев қызметінен кеткен еді.

    "Қазақстан халқына" қоғамдық қорын кім басқаратыны белгілі болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.