jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Ақтау әкімінің бұрынғы орынбасарына іздеу жарияланды

    Костюм киген ер адам
    Костюм киген ер адам. Көрнекі фото: pixabay.com

    Ақтау әкімінің бұрынғы орынбасары Тимур Сәдуақасовқа іздеу жарияланды. Оған іздеу жарияланғаны туралы ақпарат Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталында жарияланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Порталда жарияланған ақпаратқа сүйенсек, Тимур Сәдуақасовқа іздеу жарияланғанына екі күн болған. Іздестіру ісі 2025 жылғы 5 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысында тіркелген.

    Бастамшы орган – сот, іздестіруді жүргізіп жатқан орган – Қаржылық мониторинг агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті.

    Бұрынғы шенеунікке іздеу жарияланған туралы мәлімет
    Бұрынғы шенеунікке іздеу жарияланған туралы мәлімет. Скриншот: qamqor.gov.kz

    Lada.kz басылымының хабарлауынша, Тимур Сәдуақасов Ақтау әкімінің орынбасары болып 2019 жылғы 18 ақпанда тағайындалған. Бұған дейін Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарған.

    "Әділет" Жоғары құқық мектебін және Көкшетау экономика және менеджмент институтын тәмәмдаған.

    Ақтау әкімінің бұрынғы орынбасарына іздеу жарияланды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.