jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Тамара Дүйсенова жаңа қызметке тағайындалды

    Тамара Дүйсенова
    Тамара Дүйсенова. Фото: akorda.kz

    Тамара Дүйсенова Қазақстан президентінің көмекшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

    "Мемлекет басшысының жарлығымен Тамара Босымбекқызы Дүйсенова Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада.

    Айта кетейік, жаңа қызметіне дейін Тамара Дүйсенова премьер-министрдің орынбасары болды.

    Сондай-ақ ол 2019-2020 жылдары Қазақстан президентінің штаттан тыс кеңесшісі, 2020-2022 жылдары Қазақстан президентінің көмекшісі – Қазақстан президенті әкімшілігінің өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарған болатын.

    Бұдан бөлек, Тамара Дүйсенова бірнеше рет Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігін басқарды.

    Естеріңізге сала кетсек, 13 ақпанда Мағзұм Мырзағалиев Қазақстан президентінің кеңесшісі болып тағайындалған еді.

    Тамара Дүйсенова жаңа қызметке тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.